• 18 октября, 2024 8:34 дп

Қаржылық сауаттылық – онлайн төлемдердің қолжетімділігі қандай?

Автор:admin

Июн 9, 2024

Қаржылық сауаттылықтың жоғары деңгейінің белгісі – күнделікті өмірде заманауи төлем құралдарын және банктік қызметтерді қашықтықтан пайдалану. Түркістан облысында электронды төлемдерді ендіру жұмыстары қарқынды жүзеге асып отыр. Қаржылық сауаттылығы төмен азаматтар банк карталары мен банк қызметтерін азырақ пайдаланады. Ал қаржылық сауаттылығы жоғары тұрғындардың да қазіргі таңда қатары көбеюде. Соңғы екі жылда тек қазақстандықтар емес әлем халқы төлемнің онлайн немесе қолма-қол ақшасыз тәсілдеріне көп жүгіне бастады. Мысалы, Қазақстан халқы өткен тоқсанмен салыстырғанда қолма-қол емес төлемді 205 есе көп жасаған. Ал Смарт Пэй (QR, Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, Android Pay, Garmin Pay) арқылы жасалған төлемдер 33 есе артқан. Түрлі қызметтер мен тауарлар үшін онлайн төлем 2,9 есе өскен. Зерттеу нәтижелері бойынша елімізде қолма-қол емес төлем көлемі 14,5 трлн теңгеге жеткен. Ал бұрын мұндай төлем 82%-ға аз болған. Бұл тек Қазақстандағы көрсеткіш. Қаржылық қауіпсіздік – қаржылық сауаттылықтың маңызды құрамдас бөлігі. Ресейдегі зерттеу нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі (34%) жоғары табыстылық пен ақшалай салымдардың жоғары тәуекелі арасындағы байланысты дұрыс көрсете алмаған. Банк картасын қолданатын әрбір үшінші адам (31%) алаяқтық әрекеттерге тап болған. Көбінесе алаяқтар карта деректерін білуге немесе жалған шоттарға ақша аударуға тырысыпты. Карта иелерінің 4%-ы алаяқтық әрекеттер нәтижесінде қаржылық шығынға ұшырағанын да мойындады. Қаржылық сауаттылық деңгей отбасы мүшелерінің саны мен жас ерекшеліктеріне байланысты да өзгереді. Сонымен, қаржылық сауаттылық 1-2 кәмелетке толмаған балалары бар толық отбасыларда жоғары болады. 3 және одан да көп балалары бар отбасыларда, сондай-ақ, толық емес отбасыларда қаржылық сауаттылық айтарлықтай төмен жағдай жиі кездеседі. Жинақ және сақтандыру өнімдерін пайдалану қаржылық сауаттылықтың жоғары деңгейінің бір белгісі. Салымшылар мен сақтандыру өнімдерін пайдаланушылардың қаржылық сауаттылық деңгейі ел бойынша орташадан жоғары. Бұл ретте микроқаржы ұйымдары мен ломбардтардан қарыз алушылар, сондай-ақ, қаржы өнімдерін мүлдем пайдаланбайтын адамдар қаржылық сауаттылықтың төмен деңгейімен ерекшеленеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin