• 25 сентября, 2024 9:17 дп

Қаржының атқаратын қызметтері және экономикадағы рөлі

Автор:admin

Июл 7, 2024
businessman hand pushing a business graph on a touch screen interface

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді. Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлігіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамауға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау. Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулымақсатты ақша қорлары нысанында пайдалынылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі немесе қайта бөлу болып ажыратылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin