• 24 ноября, 2024 7:27 дп

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ШТАБЫ САУРАНДЫҚ ЖАСТАРМЕН ЖӘНЕ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Ноя 18, 2022

 

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Түркістан облысы Сауран ауданында сайлаушылармен кездесу өткізді.

Сайлаушылармен кездесуде өңірлерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға арналған мәселелерге ерекше назар аударылды. Алдағы уақытта ауылдық жерлерде жаңа жабдықпен жарақталған, білікті медицина қызметкерінен жасақталған 700 жаңа медициналық нысан ашылады. Жалпы, төрт миллионнан астам ауыл тұрғыны қосымша мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтылады. Тұрғындар Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасында баяндалған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын жоғары бағалады.

Сауран ауданында жергілікті жылыжай алаңында ауыл жастарымен және шаруалармен кездесу ұйымдастырылды. Олар үшін 1 млн-нан астам ауыл тұрғындарын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жоспарлары қуантарлық жаңалық болды, оған 1 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Жас кәсіпкерлер үшін жылдық 2,5% жеңілдікті несиелер қарастырылған.

Автор: admin