Қаңтар оқиғасында қаза болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнардың өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Jsk.Kz
Бас прокуратура растаған ақпаратқа сәйкес, күдікті 21 қазанда қолға түскен.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне күдікті ұсталып, қамауға алынды, — делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Еске сала кетейік, биыл 11 қаңтарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол 6 қаңтар күні сағат 18:35 шамасында комменданттық сағат басталғанға дейін автокөлікпен үйіне қарай қайтып келе жатқан. Назарбаев көшесінің жоғарғы жағында Сәтпаев көшесіне жетер-жетпес жердегі қиылысқа аялдаған кезде белгісіз біреулер кенеттен оған оқ жаудырған. Алған жарақатынан Елнар оқиға орнында көз жұмды.