Дамыған елдердің тәжірибесіне қарасақ, несиеге жұмсалатын қаражаттың көлемі, табысының 20% аспайды екен. Ал, қолда бар қаржыны қалай ұтымды жұмсауға болады? Бұл сұраққа экономист былай жауап берді. Бізде азаматтар ақшасын үнемдемейді, қаржылық сауаттылығы төмен болған соң, үлкен үстемелерге қарамай, құдды бір тегін балық үлестіргендей несиеге бас ұрады. Ал, дамыған елдердің тәжірибесіне қарасақ, несиеге жұмсалатын қаражаттың көлемі, табысының 20% аспайды екен. Сондықтан да бізде халықты осыған үйретуіміз керек. Біз несиені рәсімдеу үшін, табысымызға қарамай, өтірік табыс көрсетіп жатамыз. Сондықтан, осындай құндылықтарға мән беруіміз керек. Қарызды алу бар, ертең қайтарымы бар. Ол үшін ең бірінші қаржыны жоспарлы түрде жұмсауды үйренген жөн. Дүкенге бармас бұрын, алатын заттардың тізімін жасап, кететін шығындарды есептеп шығу керек. Кеткен шығындарды есептеп жүріңіз, немесе арнайы кітпаша арнап жазып отырғаныңыз дұрыс. Сол кезде қаржыңыздың қайда кеткенін бақылай аласыз. Ай соңында жазған кітапшаңызға назар салыңыз. Артық шығындарды көріп, ақша ұстаудағы өз кемшілікті байқауға болады. Дүкеннен қалған тиындарды кез-келген жерге қалдыра бермеңіз. Есіңізде болсын, тиыннан да ақша құралады. Ұсақ тиындарды жинауды әдетке айналдыру керек. Күндердің күнінде ақшаныздың қалай көбейгенін өзіңізде байқамай қаласыз. Әрбір азамат өз қаржысын тиімді пайдалану үшін белгілі бір жоспарды құра білгені жөн. Себебі қаржыны жоспарлау арқылы сіз материалдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар қаржыны үнемдеп ғана қоймай ұтымды пайдалану жолдарын қарастыратын боласыз.
Jsk ақпараттық орталығы