• 28 апреля, 2025 9:13 пп

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Апр 28, 2025

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап құжат қабылдау басталды. Өтініштер «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылдануда. Құжат тапсыру 2025 жылдың 25 маусымына дейін жалғаспақ. Бұл жайында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратова брифингте мәлімдеді.

«Академия 12 білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдайды. Олардың ішінде 9 магистратура, 3 докторантура бағдарламалары. Сондай-ақ, магистратураға 120 және доктарантураға 12 мемлекеттік грант бөлініп отыр. 2025 жылғы қабылдау науқанында бірқатар жаңалықтар мен өзгерістер енгізілген. Мәселен, барлық магистратура бағдарламаларына қабылдану үшін мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды. Ал, «Мемлекеттік басқару» бағдарламасына – кемінде 5 жыл, «Мемлекеттік саясат» бағдарламасына – кемінде 4 жыл еңбек өтілі талап етіледі» — деді спикер.

Оқуға қабылдау 2 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде үміткерлер онлайн форматта аналитикалық эссе жазудан сынға түссе, екінші кезеңде оффлайн сұхбат форматында жауап береді. Нәтиже 25 шілдеде жарияланады. Құжаттарды рәсімдеу және келісім шартқа отыру мерзімі – 7 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Айта кетейік, қабылдау ережелері туралы толық ақпарат www.apa.kz сайтында, сондай-ақ академияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin