• 1 ноября, 2024 2:23 дп

Қылмыстан қашып құтыла алмайсың

Автор:admin

Апр 7, 2024

Соңғы уақытта азаматтардың полицияға алдын ала қоңырау шалып, алаяқтық жағдайлар туралы абоненттік нөмірлер мен алаяқтық схемалар бойынша ақпарат бере отырып хабарласатыны қуантады. Осы сәтті пайдаланып, алаяқтықтың танымал түрлерінің біріне тоқталғым келеді, мұнда қаскүнемдер банк өкілдері немесе құқық қорғау органдары қызметкерлері ретінде қоңырау шалады және банк картасынан рұқсатсыз аударымдар туралы яки банктердің жауапсыз қызметкерлерін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізу туралы хабарлайды. Осындай фактілерді тексеру барысында алаяқтардың нұсқауы бойынша кейбір азаматтар үшінші тұлғаларға банк карталарын рәсімдеумен, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражаттарды қолма-қол ақшаға айналдырумен және басқа шетелдік шоттарға аударумен айналысатыны анықталады. Осы бойынша мысалдар келтірсеңіз. Мәселен, осы жылғы наурыз айында Шымкент қаласында азаматтарға ақша беріп банктік карталарды ашқызып, оларға ұрланған ақшаларды аударып, шешіп алып отырған қылмыстық топ анықталып, ұсталды. Ұсталғандардың барлығы тұтқындалып, қамауға алынды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Осыған байланысты қылмыстық схемаларға қатысқаны және заңсыз қаржы аударымдарын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескерткім келеді. Біреудің ақшасына қол сұққан алаяқтарға қандай жаза қарастырылған? Егер бұл алаяқтықты қылмыстық топ жасаса қандай жаза қолданылады? Қылмыстық заңнамаға бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша өзгерістер енгізілді, енді қайталап жасалған алаяқтық үшін мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекс нормаларына сәйкес, мөлшеріне байланысты және қылмыстық топ жасаса бұндай қылмыстар үшін мүлкi тәркiленiп, 4 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салудан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жалпы, алаяқтықтың бұл түрі технологияның дамуына байланысты бейімделетіні және өзгеретіні анық қой. Осы тұрғыда өз бөлімшеңіздегі жұмыс барысымен және жаңашылдықтарымен бөліссеңіз. Киберқылмыстардың ерекшелігі мен артып келе жатқан жүктемені ескере отырып, киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөліністерді нығайту, оның ішінде қызметкерлердің штаттық санын арттыру және жасақтау жөніндегі жұмыстар жүргізіліп келеді. Өткен жылы киберқылмыспен күрес бөліністері үшін бюджеттен 400 млн. теңге ақша бөлініп, оларға заманауи компьютерлік жабдықтар және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етулер сатып алынды. Ведомстволық оқу орындарының базасында киберқылмысқа қарсы күрес бөлімністерінің қызметкерлері үшін, оның ішінде IT-мамандарды шақыра отырып, біліктілікті арттыру курстарын өткізу дәстүрге айналды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin