• 22 ноября, 2024 3:58 дп

Құрылтай алаңында қоғамның жаңа этикасын және оның жаңа даму үлгісін қалыптастыру мәселесі қаралады.

Автор:admin

Июл 25, 2023

Әрине, бұл – бір күнде бітетін шаруа емес. Ол үшін күн сайын тынымсыз еңбек етуіміз керек. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет пен қоғам бірге жұмылып жұмыс істеуі қажет. Бұл ұлтымыздың бойына орасан зор күш-қуат дарытады, өзгеріске деген құлшынысын оятады. Сонда ғана, еліміз көздеген мақсатына жетеді. Осылайша, алдағы онжылдық еліміздің нағыз өрлеу дәуіріне айналмақ. Мен бұған кәміл сенемін»,-деді мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын шежірелі Атырау облысында өткізуді ұсынды. «Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым. Мен былтыр наурыздағы Жолдауымда осы құрылтайды шақыру туралы бастама көтердім. Бұл қадам қоғамдық диалогты нығайта түсу үшін жасалды. Сондай-ақ, мұнда ұлттың болашағына ықпал ететін елдік мәселелер талқыланады. Біз құрылтайдың алғашқы отырысын осыдан дәл бір жыл бұрын Ұлт ұясы – Ұлытауда өткіздік. Көптеген маңызды істер мемлекеттігіміздің негізі қаланған қастерлі өлкеден бастау алды. Осы игі үрдіс биыл да жалғасын табуда», — деді Президент. Мемлекет басшысы бүгінгі басқосудың бүкіл түркі халықтары үшін киелі шаһарда өтіп жатқанын да атап өтті. «Халқымыз әдетте Түркістанды қазақтың рухани астанасы дейді. Дегенмен, қаланың мән-маңызы бұдан әлдеқайда жоғары. Киелі шаһар еліміздің тарихында айрықша рөл атқарған. Көне заманнан бері Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі қала болған. Бауырлас халықтардың бәріне ілім-білім таратқан руханият ошағы саналған. Сондай-ақ, қазақтың тарихында өшпес із қалдырған көптеген тұлғаларымыз осы жерден мәңгілік мекенін тапқан. Шежірелі шаһардың қабырғасына қазақтың жылнамасы түгел жазылған деуге болады. Шын мәнінде, киелі Түркістан – ұлы дала өркениетінің мызғымас темірқазығы», — деп тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев. Құрылтай шақыру – ертеден келе жатқан ата дәстүріміз. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, бабаларымыз маңызды мәселелерді осындай алқалы жиындарда талқылап, оң шешімін тауып отырған. Халық өзара ақылдаса отырып, бір тоқтамға келген. «Құрылтай» сөзінің түпкі мағынасы да құралу, жиналу, түгелдену дегенге саяды. Президенттің бастамасымен құрылған Ұлттық Құрылтай бүгінде билік пен халық арасын байланыстыратын көпір, бір сөзбен айтқанда, екіарадағы дәнекерге айналды. Осылайша, елімізде тарихи түрде қалыптасқан институт қайта жаңғырды. Құрылтайдың басты жаңашылдығы, қазіргі Қоғамдық кеңестердің бәрін өз айналасына топтастырды. Бұл ретте, Құрылтай өңірлердегі қоғам белсенділері үшін ашық диалог алаңы ретінде өз тиімділігін көрсетіп келеді. Қоғамдық кеңестердің жергілікті жердегі тұрақтылықты сақтауда маңызы өте жоғары. Өйткені, қоғамдық диалог, ашықтық, халықтың мұң-мұқтажына жедел назар аудару – осы Қоғамдық кеңестің негізгі басымдықтары болып саналады. Бұл Президентіміз айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен үндеседі. Ең алдымен, Қоғамдық кеңес жергілікті халықтың мәселесін Президентке тікелей жеткізуге мүмкіндік береді. Онда халыққа танымал, беделді тұлғалар өз ой-пікірін айтып қана қоймай, шешу жолдарын тауып, ортақ байламға келіп, Үкіметке ұсынады. Сол арқылы өңір халқының мәсе-лелерін шешу жолдарын ұсынатын, түпкілікті шешімін табатын, қоғамдық ой-пікір ашық айтылатын және оларды нақты іске асыратын тетіктердің бірі болды деп есептеймін. Бүгінде қайта түлеп, түрленіп келе жатқан Түркістан облысында 2 миллионнан аса халық тұрады. Өмір болған соң, түрлі мәселе болады. Бұл ретте, Қоғамдық кеңестерде арнайы конкурстан өткен әр жастағы алуан мамандықтағы және түрлі этностағы адамдар өздерінің негізгі жұмысымен тұрақты негізде бірлесе еңбек етіп келеді. Олар өз бастамалары мен ұсыныстарын ел басшылығына ұсыну үшін жиі бас қосып тұрады. Қоғамдық кеңестердің құрамында Азаматтық альянстың, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, беделді қоғам қайраткерлері, өндіріс және ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, бизнес өкілдері және тағы басқа азаматтар бар. Осылайша, сан түрлі қоғамдық пікір иелерін түгел қамтитын өкілді құрылым қалыптасты. Әрине, ашық болмайынша, қоғамдық диалогсыз реформа жүргізу мүмкін емес. Сондықтан реформаларды толыққанды, тиімді іске асыру жолында халқымыздың татулығы мен бірлігі ауадай қажет. Ел тыныш болса, еңбек еселі болады. Басты ұстаным – халықпен тиімді кері байланыс орнату екенін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасады деп сеніммен айта аламыз. Мемлекет басшысы халыққа жолдауында Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Ондағы мақсат — қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыру. Президент жарлыққа қол қойып, алғашқы отырысы жаңадан құрылған облыс — Ұлытауда өтті. Бір жылға жуық уақыт аралығында құрылтай несімен ерекшеленді? Қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Ұлттық құрылтай — қазіргі қоғамдық кеңестердің бәрін өз айналасына топтастырған, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналды. Бұл қоғамды одан әрі ұйыстыру жолында идеялар ұсынуға және оны жүзеге асыруға бағытталған диалог алаңы. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға парламент депутаттары, саяси партиялардың, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлер, білім, медицина, мәдениет, адам құқықтарын қорғау саласының өкілдері мен белсенді жастар мүше болды.

Талғат Қалиев, Ұлттық құрылтай мүшесі:

Кейбіреулер оны ұлттық кеңеспен шатастырып жатады. Ұлттық кеңес деген ол тек ғана саяси, экономикалы, әлеуметтік реформа жайлы еді. Қазіргі тез-тез жасайтын өзгерістер сол туралы. Ал, құрылтай деген ұзақ мерзімді, үлкен, терең өзгерістер.

Құрылтайда жалпыұлттық құндылықтар, руханият, бірлік тақырыптары талқыланып, ұзақмерзімді сипаттағы бағдар айқындалады. Ұлытаудағы алғашқы отырыста көптеген мәселелер қамтылды. Қазірдің өзінде құрылтай аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр.

Серік Ақылбай, Ұлттық құрылтай мүшесі:

Топ-тобымен отырыстар жүріп жатыр. Мысалы, мен сол заңгерлер тобына кірдім. Заңгерлерде бөлек отырыс болды. Басқа топтарда жүріп жатыр. Және Президент айтып кетті жазда Түркістанда кездесеміз деп. Оған дейін жұмыстар жүріп жатыр. Мемлекет басшысы жолдауда құрылтайға арналған қосымша жасауды тапсырған. Былтырғы жылдың аяғында «Quryltai» мобильді қосымшасы іске қосылды. Қосымшаға түскен ұсыныстар халықтың дауыс беруіне шығарылады және ең көп дауыс жинаған ұсыныстар Ұлттық құрылтайдың алдағы отырыстарының күн тәртібіне енгізіледі. Біз демократия дәстүрі жетілген, мықты азаматтық қоғам құрамыз. Бұл – стратегиялық бағытымыз. Осы бағдарды берік ұстануымыз керек. Соңғы үш жылда бұл салада біраз нәтижеге жеттік. Билік пен халық арасында мазмұнды диалог орнаттық. Бұған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі зор септігін тигізгенін атап өткім келеді. Сол арқылы бірқатар озық идеялар ұсынылды. Митингілер туралы демократиялық заң шықты. Партиялық сайлау тізіміне әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота енгізілді. Қоғамдық кеңестердің жұмысы жандана түсті. Саяси жаңғыру бағдарламасы арқылы оң бастамалар лайықты жалғасын табары сөзсіз. Ұлттық құрылтайдың шақырылуы – ел өміріндегі елеулі оқиға. Құрылтайдың басты мақсаты – жаңа идеялар мен жасампаз қадамдар арқылы ұлт бірлігін нығайту. Біз, ең алдымен, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға айрықша мән беруіміз қажет. Сонымен қатар, қоғамды алға жетелейтін құндылықтарды қалыптастыруымыз керек. Халықтың болмысын және қоғамдық сананы жаңғыртпай, түбегейлі өзгеріс жасау мүмкін емес. Біз орнықты демократиялық институттар құрамыз десек, саяси жауапкершілік мәдениетін дамытуымыз қажет. Шын мәнінде, нағыз отаншылдық қасиетті қалыптастыруға тиіспіз. Сонда радикализм мен экстремизмге тосқауыл қоямыз. Демократия дегеніміз – керемет өмір туралы жалпылама ұғым, түсінік емес. Бұл – күнделікті тынымсыз еңбекті талап ететін өркениетті өмір салты. Атаққұмарлар мен алаяқтардың жалаң ұраны мен құрғақ уәдесіне алданбау қажет. Еліміздің болашағы үшін аса маңызды мәселелерді дау-дамаймен емес, ұтымды ой-пікірмен, парасатты пайыммен және саналы көзқараспен шешкеніміз абзал. Біз «түрлі көзқарас, біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануымыз қажет. Бір-біріміздің ой-пікірімізді тыңдап, құрметтей білсек, алға қадам басамыз. Біз демократиялық реформа жасаймыз деп, мемлекетті әлсіретуге еш жол бермеуіміз керек. Мен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда еліміздің ең басты құндылығы – егемендік екенін атап өттім. Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін Қазақстанда саяси белсенділік күрт артты. Жаңа саяси партиялар және қозғалыстар құрылып жатыр. Қоғам белсенділері әлеуметтік желіде түрлі мәселелерді көтеріп жүр. Шыны керек, кейде мүлде ақылға сыймайтын пайымдар да айтылады. Жұрт даулы мәселелерге наразылық білдіріп, көшеге шығатын болды. Заңды белден басатын азаматтар да жоқ емес. Біртіндеп демократия жолына түсу кезінде мұндай жағдайлардың болуы – түсінікті. Бірақ, Заң талабы мүлтіксіз орындалуға тиіс екенін әрдайым есте ұстау қажет. Заң мен тәртіп – ішкі тұрақтылықтың бірден-бір кепілі. Онсыз қоғамның дамуы мүмкін емес. Сондықтан, бұл қағида біздің ең басты бағдарымыз болуға тиіс. Жалпы, отбасын асырау үшін табанды еңбек етіп жүрген, заңға бағынатын адамдар құрметке ие болуы керек. Өкінішке қарай, бізде көше бұзақылары, жауапкершіліктен жұрдай блогерлер және масылдық пиғылмен айқай шығаратын адамдар бүгінгі күннің батырына айналды. Депутаттар мен атқарушы билік өкілдері соларға ғана баса мән беретін болды. Түрлі деңгейдегі шенеуніктер солардың ғана талабын орындауға жүгіреді. Орталықтағы және аймақтардағы билік барлық азаматтың мұң-мұқтажына бірдей қарауға тиіс. «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» көмегіне сеніп отырған, заңға бағынатын қарапайым жұрт назардан тыс қалмауы керек. Елімізде әлі шешімін таппаған түйткілдер көп. Оған көз жұма қарау қоғамда әділетсіздік жойылмайды деген теріс ой туғызып, әлеуметтік депрессияға әкеп соқтырады. Біз бар күш-жігерімізді салып, осы мәселені шешуіміз керек. Мемлекет пен халық мүддесін бәрінен биік қойғанда ғана, мақсатымызға жетеміз. Нағыз мемлекетшіл адам қара басының қамын емес, халқының игілігін ойлауы керек. Мен баршаңызды дәл осындай отаншыл азаматтар деп санаймын. Ұлтымыз бірлік пен тәуелсіздік мұраттары, жолында ұйысуы қажет. Ұлттық құрылтай мүшелері осы мақсатқа бар күш-жігерін жұмсайтынына кәміл сенемін. Сонда ғана озық демократия дәстүрін қалыптастырамыз, Әділетті және Жаңа Қазақстанды құрамыз.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin