ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Фахриддин Әбдінабиұлы диагностикалық орталық ұжымымен кездесіп, жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар және 5 маусымда өтетін референдум туралы егжей-тегжейлі талқылап, сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.
— «Бүгін біз қаладағы диагностикалық орталықта болып, аталмыш мекеменің қызметкерлері мен қала тұрғындарына референдум және конституциялық реформалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Негізгі мақсаттардың бірі — конституциялық реформалар біздің мемлекетіміздің болашағы үшін және әрбір азамат үшін маңызды процесс екенін түсіндіру, оның мазмұнын алдағы өзгерістер мен баптар туралы түсіндіру», — дейді халық қалаулысы Ф.Әбдінабиұлы.