• 23 сентября, 2024 6:31 дп

Әкем қайтыс болғаннан кейін мен жалғыз мұрагер ретінде оның зейнетақы жинақтарына үміткермін

Автор:admin

Июн 8, 2023

. БЖЗҚ-ға оның шотындағы сома туралы сұрау салуым керек пе, әлде нотариусқа жүгінуім керек пе?

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы шотының бар екендігі,ондағы қаражаттың қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтаманы заң бойынша мұрагерлікке құқық туралы куәлікке сәйкеснемесе өсиетте көрсетілген мұрагерлерге жазбаша сұраныс бергенде, не соттарға олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша ұйғарым негізінде, сондай-ақ, нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелерге олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша бере алады.

Өзара іс-қимылды оңтайландыру және уақытты үнемдеу, сондай-ақ, «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің көмегімен артық қағаз құжат айналымын болдырмау үшін нотариустардың өздері БЖЗҚ-ға қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының бар-жоқтығы, ондағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы жазбаша сұраныс жібермей-ақ, онлайн режимінде сұрау сала алады.

Сәйкесінше, нотариусқа барып, әкеңіздің зейнетақы жинақтары түріндегі мұрасын ресімдеу кезінде сізге әкеңіздің зейнетақы шотындағы қаржы сомасы туралы БЖЗҚ-ға сұраныс жасау қажеттілігі жоқ.  

Автор: admin