• 20 сентября, 2024 7:01 дп

Әскери қызмет – абыройлы мамандық

Автор:admin

Май 13, 2024

«Әскери қызметте «әлеуметтік лифттің» болуы маңызды. Сол арқылы жастардың қоғамнан өз орнын табуға мүмкіндік беруіміз керек. Қазір осы бағытта нақты жұмыс істеліп жатыр. Әскери борышын өтеп келген азаматтар енді жоғары оқу орнына жеңілдікпен түседі.

Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылады. Сондай-ақ, олар өздері қаласа, армия қатарынан нақты мамандық алып шығады. Жалпы, сарбаздарды әлеуметтік қолдау шараларын мейлінше көбейту қажет.

Әскерде жүрген жастарымыз нағыз сарбаз, нағыз маман болып шығуы – міндет. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Әскери қызметшілерге жақсы жалақы төленуі керек. Үкімет Күштік құрылымдарға еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне көшкен кезде осыны ескеруге тиіс», — дейді Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда Шымкент қаласының әскери қызметшілерін қолдау бағытында оларға мемлекеттен бір реттік көмектер мен әлеуметтік мәселесін шешу жолдарын қарастыратын коцепция дайындалуда. Әрбір адам өмір бойы қызметтің әр қилы түрімен айналысады. Адамның ең алғашқы қызметі ойын болып табылады. Оқу – қызметтің келесі кезеңі, онымен әрбір адам дамудың белгілі бір кезеңінде айналысады. Әрбір адамның негізгі қызметінің түрі еңбек болып табылады. Ол әрқашан мақсатқа жетуге бағытталады және тікелей немесе еңбектің қаруын пайдалану арқылы бірлескен күш жұмсаумен жүзеге асырылады. Еңбек тұлғаға қалыпты әсер етеді. Әскери қызмет – ойын кезеңі, оқу мен еңбекті қамтитын қызметтің күрделі түрі. Сондықтан ол әсіресе жауынгердің жеке басына, оның психикалық қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Ұрыстық жаттығу әскери қызметтің негізгі бөлігін құрайды. Жауынгер саяси, арнйы, әскери-техникалық, тактикалық білімдерді игереді, жарғылармен, нұсқаулармен танысады, әскери өмірді таниды. Тұлғаның кейпін анықтайтын берік ілімдер, дағдылар, ой-пікірлер қалыптасады. Әскери білімдерді игеру арқылы жауынгерлердің басқаларға, оқу шарттарына деген қатынасы қалыптасады. Әскери қызмет – бұл мемлекеттік және қоғамдық мәнге ие міндетті еңбек. Жауынгер техниканы қолданады, ұрысқа жоғары деңгейде дайындалады, үнемі күштеу жағдайында болады, үлкендердің бұйрықтарын орындайды. Әскери қызметтің мәжбүрлігі, жауапкершілігі және маңыздылығы күшті тәрбиелік факторлар болып табылады. Жауынгерлердің жеке басының дамуына жарғылық тәртіп, адамдармен қарым-қатынас, еңбектің құраладры-техникалар мен қару-жарақтар әсерін тигізеді. Әскери қызмет бұл – ең алдымен, үлкен саяси-әлеуметтік мәнділігімен, ұрыстық техникалар мен қару-жарықтарды қолданумен сипатталатын жауынгерлік қызмет. Оның әсерінен қорғаушының кең пейілді белгілері дамиды. Қызметтің психологиялық құрылымын талдау осы процесте тұлға қалыптасып, адамның психикалық процестері мен психикалық қасиеттері дамитындығын көрсетеді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin