• 22 декабря, 2024 6:16 дп

Әскери қызмет пен келісімшарт негізіндегі сарбаздарға – мемлекет тарапынан жасалған реформа

Автор:admin

Июл 1, 2024

Қазақстан  Республикасын қорғау оның әр азаматының қасиетті борышы және міндеті.  Әскери  қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі болып саналады. Шымкент қаласында әскери қызметкер болғысы келетін азаматтардың саны күннен-күнге артып келеді. Жалпы шырайлы шаһарымыздың бұл бағытта атқырып жатқан жұмыстары аз емес. Әскери қызметкер болғысы келетін азамттар мен азаматшалар үшін мемлекет тарапынан қажетті материалдық – техникалық көмектер көрсетіледі. Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ әскери қызмет ерекшеліктерімен негізделген оның құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды. әскери қызметшінің   құқықтары мен бостандықтарының алып тастаулары  және шектеулері, ерекше міндеттері мен жауапкершілігі Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі ҚР Заңында белгіленген қосымша құқықтармен және жеңілдіктермен өтеледі.  Келісімшарт бойынша әскери қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, кәсіби өсу перспективасын беретін, әскери қызметшінің өзінің, оның отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс. Біздің мақаламыз Қарулы Күштердің қатарына түсуге ниет білдірген азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар келісімшарт бойынша әскери қызмет деген не және оның қандай мүмкіндіктері бар деген мәселе толғандыратындар үшін де пайдалы болады. Келісімшарт бойынша әскери қызмет ерікті негізге негізделеді. Сарбаздың ақшалай жәрдемақысы тағайындалған атағына, атқаратын лауазымына және қосымша ақшалай төлемдерге байланысты ай сайынғы жалақыдан тұрады: еңбек өтілі үшін; сыныптық біліктілік үшін; әскери қызметтің ерекше шарттары үшін; мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтермен жұмыс үшін; қызметтегі ерекше жетістіктері үшін; қызметті адал атқарғаны үшін. Сондай-ақ жыл сайын бір жалақы мөлшерінде материалдық көмек төленеді. Заңға сәйкес көтеру жәрдемақысы бірінші келісімшарт жасалғаннан кейін және жаңа кезекші станцияға ауыстырылған кезде төленеді. Тұрғын үйді жалға алу үшін өтемақы төленеді. Әскери қызметтен босатылған кезде жәрдемақы еңбек өтіліне байланысты төленеді: 20 жылдан аз — 2 жалақы, ал 20 жылдан жоғары — 7 жалақы қарастырылған. Шымкент қаласында бүгінде келісімшарт негізінде әскери қызметкерлер саны артып отыр.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin