• 23 ноября, 2024 11:57 пп

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: КЕНТАУЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ЖАНДЫ ДАУЫСТА ӘН ШЫРҚАДЫ

Автор:admin

Сен 13, 2024

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Кентау қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Түркістан төріндегі шара гала-концертпен қорытындыланды.

Мерекелік шараның ашылуында қала әкімі Жандос Тасов ізгі тілегін арнап, өңірдің рухани дамуы аясындағы игі шараның маңыздылығын атап өтті. Кентау жұртшылығы үшін облыс орталығында ұлттық құндылықтарды насихаттау үлкен мақтаныш екеніне айрықша тоқталды.

Мерекелік шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Шараны Түркістан театрының мықты майталмандары Ақсұлтан Әнуарбек, Гүлзада Айтбаева жүргізіп, мерекелік кештің ажарын аша түсті. Қала өнерпаздарынан бөлек, эстрада жұлдыздары да белсене атсалысты. Барлығы жанды дауыста көрерменге өнер көрсетті.

Қалалық Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінің әншілері мен елімізге танымал жарық жұлдыздары АқботаНұр Сейтмаханбетова, Kayl Рух лақап атымен танылған жұлдыздар өз өнерлерін паш етіп, мың бұралған бишілер көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Сондай-ақ көрермен арасында караокеде Кентау қаласынан шыққан компазиторлардың әндерін шырқап, кештің сәнін келтірді. Ерекше сәттің куәсі болған көрермен дән ризашылықтарын білдіріп, кештен қимай тарқасты.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin