• 16 июня, 2025 9:15 пп

🎨 Шымкент – қызғалдақтар қаласы!🌷

Автор:admin

Июн 16, 2025


Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Қала күні мерекесіне орай 18–21 маусым аралығында Шымкентте алғаш рет халықаралық суретшілер симпозиумы өтеді!

🖌 Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия және еліміздің түкпір-түкпірінен келген қылқалам шеберлері, 4 күн бойы Шымкенттің көрікті жерлерін майлы бояумен бейнелейді.


🖼 21 маусым күні симпозиум аясында жасалған туындылар Пушкин атындағы әмбебап кітапханада өтетін көрмеде көрермендер назарына ұсынылады.

🎉 Шымкенттің ерекше табиғаты мен мәдениетін өнер арқылы танытатын бұл ерекше шараны жіберіп алмаңыздар!

Автор: admin