• 12 сентября, 2025 4:49 пп

📢 Президент Жолдауы – Жаңа дәуірге қадам

Автор:admin

Сен 12, 2025

8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады. Бұл Жолдау – жай ғана құжат емес, елдің алдағы даму бағытын айқындап берген үлкен бағдаршам іспетті. Онда әрбір азаматтың өміріне әсер ететін маңызды мәселелер қозғалды: цифрландыру, жасанды интеллект, білім мен ғылым, экономиканы әртараптандыру, жаңа саяси жүйе.

Бүгін осы маңызды құжатты талқылау мақсатында «Respublica» партиясының Түркістан облыстық филиалында жиын өтті.
Кездесуге Өңірлік кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, Шардара, Кентау, Сауран, Түркістан қалаларындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және өңірдегі белсенді кәсіпкерлер қатысты.

🗣 Жиналыс барысында қатысушылар Жолдаудың мән-маңызына тоқталып, әр салаға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Барлығының ортақ ұстанымы – Жолдауда жүктелген міндеттерді бірлесе атқарып, еліміздің өркендеуіне үлес қосу.

Президент атап өткен басым бағыттар ерекше қолдау тапты:
• 🔹 Жасанды интеллект пен цифрлық мемлекет құру – жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, елді технологиялық тұрғыдан алға жетелейді.
• 🔹 Бір палаталы Парламентке көшу – саяси жүйені ықшамдап, партиялардың жауапкершілігін арттырады.
• 🔹 Экономиканы әртараптандыру мен инвестиция тарту – жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың тұрмысын жақсартады.

🤝 Бұл міндеттерді орындау – тек Үкіметтің ғана емес, бүкіл қоғамның, әрбір партияның, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Егер барлығымыз жұмыла әрекет етсек, Қазақстан алдағы жылдары аймақтағы ғана емес, әлемдік деңгейде де беделді, белсенді елге айналады.

Автор: admin